Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі – байырғы заманнан келе жатқан көктемгі жаңару мерекесі екені барлығына белгілі.
Ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамына жоспарлаған спорттық мерекесіне Астана қаласының тұрғындарын және қала қонақтарын спорттық іс-шараларға белсенді қатысуға, наурыз мерекесін көңілді өткізуге шақырамыз.
Бүгін «Астана Триатлон парк» қала тұрғындары мен қонақтарын жинады. Себебі дәстүрлі «Қыс өрнегі-2018» фестивалі өтті. «Қыс өрнегіне» жиналған көрермендер мен қатысушылардың көңілдері көтеріңкі екені анық.
Осы жылы спорттың 8 түрінен 2000 адам өз шеберліктерін көрсетті. Шаңғы тебу спорты жарыстарымен қатар хоккей,шағын футбол, белбеу күресі, қол күресі, гір көтеру спорты, арқан тарту мен мотокросстан да жарыстар өтті. Ал шаңғы жолағына кәсіпқой спортшылар , әуесқойлар, мектеп оқушылары мен студенттер,орта және жоғары білім орындарының оқытушылары, әлеуетті құрылымдар қызметкерлері,мемлекетік мекемелер мен кәсіпорын жұмысшылары, балалар мен үлкендер - қысқы спорт түріне қызығушылығы бар кез-келген адам қатысты.
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді 17 ақпан күні сағат 11.00 өтетін «Қыс өрнегі» шаңғы фестиваліне шақырамыз! Тіркелу 10.00. Дәстүрлі шаңғы жарысына жыл сайын 2000-нан астам адам қатысады.
Жарысқа қатысушылар түрлі жас санатында шаңғы жарысы, шағын футбол, хоккей, белдесу, армрестлинг, гір көтеру, арқан тарту, және мотокросс сынды спорт түрлері бойынша күш сынасады.
Аталмыш шараға 12-60 жас аралығындағы кез-келген адам қатыса алады.
Бүгін таңертең Республикалық Ұлттық киокушинкай-кан каратэ құрамасын елорда әуежайында қарсы алды. Олар Одесса қаласында өткен Kyoukushin Karate Oyama World Championship халықаралық чемпионатында 12 алтын, 4 күміс,1 қола жеңіп алды. Естеріңізге сала кетейік,чемпионат 27 қаңтар күні аяқталып,біздің құрам әртүрлі жас және салмақ дәрежесіндегі спортшыларды алып барды. Әрқайсысы Әлем чемпионы атану үшін жақсы дайындықпен келген мықты қарсыластармен сынға түсті.
Жарқын жеңістерімен көзге түсіп, ел намысын әлем ареналарында қаймықпай қорғап жүрген спортшылар арасында елордамыз кумитэ бойынша 50 кг салмақта айқын жеңіске жеткен Сауытова Мадинаны қарсы алды. Қазақстанның 50 дарынды балалары қатарына енген бұл талантты қыз небәрі 17 жасында Еуропа мен Халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы болып үлгерді. Өзінің Одессада алған әсері жайлы ELORDASPORT.KZ-ке берген сұхбатында айтып өтті.
- Өткен турнирден қандай әсер алдың және татамиге шыққан қарсыластарыңның жалпы дайындығын қалай бағалайсың?
- Әрине, мен әлем чемпионы атанғаныма өте қуаныштымын,бала кезімнен арманым еді. Чемпионаттан алған әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын,жарыс өте жоғары дейгейде өтіп,жекпе-жектер жарқын әрі есте қаларлықтай болды,әлемнің әр бұрышынан мықты спортшылар келді, сондықтан маған жеңіл болмады.
- Жеңіс жолында қандай қиындықтарға тап болдың?
- Жеңіс жолы оңайға соққан жоқ. Бізде өте қатаң жаттығу жиындары өтті,көп тер төгіп, жаттығуға тура келді, сол себептен де бұл жеңістің дәмі аса тәтті.
- Мақсатқа жетуге және жңіске ие болуға саған не көмектеседі?
- Қайсарлық, және міндетті түрде күнделікті жаттығу.
- Жұлдызды спорт «Олимпына» сені бапкерің Имашев Азамат Болатұлы алып келді. Бапкеріңнің спорт кеңістіктерін бағындыруда қандай ықпал тиді деп ойлайсың?
- Менің сенсэйім Имашев Азамат Болатұлы екінші әкем десе де болады, мені барлық жағынан-дене тәрбиесіне баулып және рухани дайындай білді. Мен 9 жасымнан бастап дәл осы кісіге жаттығуға келгеніме қуаныштымын,маған сіңірген еңбегі зор. Бұл жеңіс тек менің ғана емес, бапкерімнің де жеңісі.
- Болашаққа жоспарың қандай?
- Бір орында тоқтап қалмай,Қазақстанның байрағын биік тұғырларда көтеріп, барлығын жеңіспен қуанта беру.
Жарыс нәтижесі
19 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ кеңсесінде ұжыммен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы басты бағыттармен және басты тапсырмалармен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында мекеме басшысы Имашев Азамат Болатұлы сөз сөйлеп, кадр бөлімінің инспекторы Нуртаева Жанар Алимхановна түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Елбасының Халыққа Жолдауы 2018 жылдың 10 қаңтарында жарияланып, мемлекет дамуының 10 бағытын ұсынды:
1. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс. Еліміздің бірнеше өнеркәсіптік кәсіпорнындарын цифрландыру жүйесі арқылы дамытып,заманауи бизнес-модельдерін игеру қажет.
2. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту. Ақпараттық-технологиялық шешімдерді қабылдау керек. Кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуге, сондай-ақ энергия өндірушілердің өз жұмыстарының экологиялық тазалығы мен тиімділігіне қойылатын талаптарды арттыру керек.
3. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі. Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек.
4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру. Сандық технологияларды енгізу мен Intelligent Transportation жүйесінің пайда болуы жүк қозғалысын жылдамдатады.
5. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.Құрылыс жүргізудің жаңа әдістері, ғимараттардың энерготиімділік талаптарына сай болуы, инфроқұрылымды интеллектуалды басқару құралдары қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартады.
6. Қаржы секторын «қайта жаңғырту». Банк жүйесін сауықтыру шаралары азаматтардың пайдасына атқарылуы тиіс. Банк иелерінің жауапкершілігін арттыру қажет. Несие беру шараларын реттеп, қаржы нарығын дамытуға күш жұмсау қажет.
7. Адами капитал – жаңғыру негізі. Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады. Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады.
Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс.
2016-2017 жылы әлеуметтік төлемдер үш рет көбейді. Базалық зейнетақы-29%- ға,борышты зейнетақы-32%- ға,денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбекақысы-28% дейін,білім беру саласы қызметкерлерінің еңбекақысы-29% дейін,мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы - на 30% -ға өсті. Бұл үрдіс жалғасын табады.
Республикалық бюджеттің әлеуметтік салаға бөлінген шығыны 2018 жылы 12 процентке өсіп, 4,1 триллион теңгеден асты. Базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа алғанда 1,8 есе көбейетін болады. Мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі.
8. Тиімді мемлекеттік басқару. Мемлекеттік органдар нақты уақыт және жедел жауап беру режімінде азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу үшін заманауи цифрлық технологияларды қолдануға тиіс. Аймақтардың экономикалық өзін-өзі басқаруы жергілікті өзін-өзі басқаруы кеңеймек.
9. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі. Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді.
10. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін. «Смарт Сити» тұжырымдамасы мен қалаға қоныс аударатын адамдардың құзыреттерін дамыту негізінде қалалық ортаны басқаруды кешенді түрде енгізу қажет.
Астанада құрлықтық хоккей лигасы жұлдыздарының апталығы аяқталды. Біздің астанамыз үшін бұл Құрлықтық, Жастар және Әйелдер лигасының кездесуі үлкен символикаға ие,оныншы рет өткізіліп отырған мерейтойлық кездесу. 2018 жылғы қысқы маусымның басты шарасы – 10 қаңтарда басталған ҚХЛ апталығы туралы ҚХЛ президенті Дмитрий Чернышенко айтып өтті.
-Хоккей жұлдыздары апталығын Астана қаласында өткізу идеясы кездейсоқ емес. Қазақстанның астанасы-инфроқұрылымы дамыған қала,ҚХЛ үшін заманауи және ыңғайлы ареналары бар. Бізге Қазақстан тұрғындары хоккейді ұнататыны белгілі,осы ойынның қыр-сырын жақсы білгендіктен жұлдыздар апталығының қонақтары мен қатысушыларын қуанышпен қарсы алады деген ойдамыз. Біз іс-шараны өткізу деңгейін арттыру үшін келісімге қол қойдық. Астана-2018 жұлдызды шоу тарихындағы есте қаларлық оқиға болады деген сенімдеміз,- деп атап өтті ҚХЛ президенті Дмитрий Чернышенко.
Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және ҚХЛ вице-президенті Георгий Кобылянский қатысып, символикалық түрдегі шайба лақтыру дәстүрін орындады.
Жұлдыздар апталығының бірінші күні Әйелдер хоккей лигасының Шығыс және Батыс құрама командалары арасында матч өтіп,«Восток» құрамасы қыздарының қазақ ұлттық киімнде орындаған «Қара жорға» биі есте қалды. «Восток» құрама командасына «Астана» хоккей клубының екі қорғаушысы - Фатима Китайбекова және Ғалия Нұрғалиева, «Запад» құрамасына «Айсұлу» алматылық клубының хоккейшісі Зарина Тухтиева кірді. ҚХЛ жұлдыздар апталығы тек қана жанкүйерлер мен қала тұрғындарына ғана емес қатысушыларға да ұмытылмас әсерлер қалдырды.
- Мен үшін бұл үлкен тосын сый болды-ойнау,қарау,өзіңді көрсету. Бізді өте жақсы қарсы алды. Қыздар өте қонақжай,мейірман және ақжарқын,-деді Фатима Китайбекова тілшілерге берген сұхбатында.
Жастар Хоккей лигасының қарсы шығу Кубогы меморандумда бекітіліген бағдарлама бойынша 11 қаңтар күні болып, үздік жас ойыншылар қатысты. Сергей Старыгин-«Снежный барстың» тәлімгері,жас ойыншылар - Самат Дманияр, Ернар Мұсабаев Жастар Хоккей лигасының қарсы шығу Кубогының жаттықтырушылары есебінде өнер көрсетті.
« «Қазақстан» спорт кешенінде 13 қаңтар күні ҚХЛ бойтұмарларлары астаналықтар мен елорда қонақтарына мұздағы шоу көрсетті» деп жазды әкімдіктің ресми сайтының тілшісі.
Жолбарыс,бүркіт, мысық және аю киіміндегі өнер көрсетушілердің мұздағы шоулары елге ұнады. Бойтұмарлар ырғақты әуенге билеп,қонақтармен құшақтасып көңілдерін көтерді.
Жұлдыздар апталығы аясында Астана қаласында бойтұмарлар қатысуымен бірнеше шара жоспарланған.
«Спортшылардың өзінен басқа Балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резервінің бойтұмарлары қатысты. Бойтұмарлар мұз алаңдарына барып,хоккейдің кеңінен таралуына үлестерін қосуда. Жас хоккейшілер мен ҚХЛ бойтұмарлары кішкентай балалар үшін қуаныш сыйлап, мұзда бірге сырғанап көңілдерін көтерді»,- деп әңгімелейді шоу ұйымдастырушылары.
27 желтоқсан күні «Барыс» СК «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ бағынышты ұйымдары мерекелік атмосферада өткен 2017 жылдың спорттық қорытындысын жасады. Салтанатты марапаттау рәсімінде жаттықтырушыларға бұқаралық спорттың дамуы мен қосқан зор үлестері үшін Маржикпаев Берик Боромбаевич алғыс айтып,ыстық лебізін білдірді. «Жігер» спорт клубының басшысы Хамзин Азамат Мукантаевич, «№3БЖСМОР»басшысы Мұстафин Мұрат Ибраевич және «ШВСМ» басшысы Калин Рустам Ильясович өткен жылдың статистикасы бойынша жетістіктікке жеткен қызметкерлерді номинация бойынша марапаттады. Атап өтілген көрсеткіштер елордамыздың бұқаралық спорттының дамуының бейнесі болып табылады. Естеріңізге сала кетейік,15-24 желтоқсан аралығында «Жігер» спорт клубы әртүрлі номинацияларда үздік спортшылар үшін дауыс беру жариялаған еді.
Толық ақпаратты Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ бағынышты ұйымдарының ресми сайттарынан оқып, біле аласыздар:
«№3БЖСМОР»http://www.sm3.kz/index.php/ru/
«Жігер» спорт клубы http://zhigerastana.kz/
«ШВСМ» http://astana-sport.kz/ru/
Астана қаласында 24 желтоқсанда «Astana Winter Marathon: мүмкіндік шегінен тыс» ұзақ қашықтықтарға тұңғыш қысқы жүгіру жарысы мәресіне жетті. 10, 21 және 42 км 195 м қашықтыққа үш жас санатында 400 қатысушы тілек білдірді. Спортшылардың көпшілік бөлігін ерлер құрады, барлығы 298 адам, әйелдер арасынан қатысушылар саны - 90. Өз жанұясымен мәреге жеткен Жарыстың ең жас қатысушысы бар болғаны 9 жаста, ал ең егде қатысушы 70 жаста. Қатысушылар ішінде өкімет және Қазақстандық бизнес өкілдері бар. «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Төрағасы Болат Жәмішев 21 км қашықтықта, BI Group басшысы Айдын Рахымбаев жанұясымен 10 км қашықтықта мәреге жетті.
Аталған қашықтықты еңсерген әрбір қатысушыға мәреші медалі берілді. Әр қашықтық бойынша 10 км және 42 км 195 м және үш жас санаты (18-34, 35-44, 45+) бойынша жеңімпаздарға жүлделер мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. 10 км қашықтықта Арман Ғалымов және Әсем Меркажанова, 21 км қашықтықта Павел Брода және Әсел Құспанова, марафон жарысында ер азаматтар қатарынан абсолюттік жеңімпаз Асқар Жаңабергенов болып танылды.
Астанадағы ауа райы жағдайы: аса қолайлы -4*С және бүгінгі қар қысқы спорт мерекесі ахуалын қалыптастыра отырып Астана Триатлон Паркі трассасын көріктендіре түсті.
Жарыс бастамашысы, «Marathon» жүгіру клубының құрметті мүшесі, Гиннес рекордтар кітабының жеті дүркін рекордшысы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Марат Жыланбаев болды. «Astana Winter Marathon: мүмкіндік шегінен тыс» марафонына Астана қаласының Әкімдігі, «ҚР Жеңіл атлетика федерациясы» ҚБ және іс-шараның демеушілері қолдау көрсетті.