17 тамыз күні Қазақстан Республикасы Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тоғызқұмалақтан Астана қаласының жекелей Чемпионатының ақтық ойындары «Алау» спорт кешенінде өтіп, 25 адам қатысты. Жарыстар классика және БЛИЦ-ойыны бойынша өткізілді. Интеллектуалдық ойынға ерлер мен әйелдер және балалар қатысты. Ең кіші қатысушы Кәусар Серікке 9 жас, ең үлкен қатысушы Қасқырбаев Балтабай, 70 жас. Чемпионат нәтижесі бойынша жеңімпаздарға медаль, мақтау қағазы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
- Осы жылы Астана қаласы Чемпионатының 25 спортшы қатысты, олардың ішінде халықаралық спорт шеберлері бар, Азия Чемпиондары, ҚР чемпионаттарының жүлдегерлері. Тоғызқұмалақтан өткен жарыстар –қаламыздағы ұлттық спорт түрлерінің дамуының бастамасы. Өмір - өзіңмен үнемі жұмыс жасау,сондықтан өскелең ұрпаққа жеткен жетістіктермен тоқтап қалмай, тоғызқұмалақ арқылы интеллектуалдық деңгейлерін көтеріп, спортпен айналысып, ішкі түйсіктерін дамытсын деймін,-деді Тоғызқұмалақ Федерациясының Президенті Тлеуғали Әмірбекұлы.
Чемпионаттың ұйымдастырушылары Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ, «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқарамасы» ММ.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 15 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясы Күніне арналған, «Тоғызқұмалақтан» ерлер мен әйелдер арасындағы классикалық және шапшаң ойнаудан жекелей Чемпионаттың бірінші күні өтті. Спорттық іс-шараның ашылу салтанатында Астана қаласы тоғызқұмалақ Федерациясының төрағасы Тлеуғали Әмірбекұлы және «Толағай» жоғары спорттық шеберлік мектебі басшысының орынбасары Искакова Гульнар Кабдешевна сөз сөйледі. Чемпионат екі күнге созылып, 17 тамыз күні аяқталады.
Ұйымдастырушылары Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ, «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқарамасы» ММ.
12 тамыз күні қылмыстық жазаларын өтеп жатқан сотталушылар арасында Спартакиада өткізіліп, 140 адам қатысты. Спартакиада бағдарламасына шағын футбол, волейбол, қол күресі,арқан тартыс және гір көтеру спорты енді. Жарыс аясында тоғызқұмалақтан шеберлік сабақтары өткізілді. Шеберлік сабақатарын Астана қаласының аға жаттықтырушысы, ұлттық дәрежедегі төреші, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шотаев Мақсат Есенбекұлы жүргізді.
Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ ұйымдастыруымен өткізіледі. Спартакиаданың басты мақсаты- Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2020» бағдарламасын жүзеге асыру, яғни салауатты өмір салтын, дене шынықтыру және спортпен айналысуды дәріптеу. Бағдарлама жалпы республика халқына сонымен қатар жеке бас бостандығынан айырылған адамдарға да арналған.
Спартакиада ұйымдастырушылары - «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ және Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.
12 тамыз күні Қазақстан Республикасының Президентінің жаздық тестін тапсырудың үшінші күні өтті. Жарыс екі спорт түрінен өткізілді. Қатысушылар «Қазақстан» спорт кешенінде 25 және 50 м қашықтықты жүзіп өтіп, «Алау» мұз сарайының тирінде пневматикалық винтовкадан 5 атыс жасауы тиіс.
Президенттік тесттер тек қана дене шынықтыруға арналған жаттығулар кешені ғана емес, еңбекқорлық пен төзімділік деңгейін көтеріп, салауаты өмір салтын дәріптейді.
5 тамыз күні «Алау» мұз сарайында «НұрОтан» партиясы Астана қаласы филиалының Төрағасы Кубогы Спартакиадасы өтті. Спартакиада бағдарламасына волейбол,шағын футбол, үстел теннисі және шахмат спорт түрлері кірді. Волейболға 42 адам, шағын футболға 42, шахматқа 6 адам, үстел теннисіне 12 адам қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 102. Спорт шарасының басты мақсаты бұқаралық спорт түрлерінің танымалдылығын арттыру, партия мүшелерін дене шынықтыру және спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысуға тарту,ұжымдық рух пен бірлікті дәріптеу, сонымен қатар партия ұйымдарының арасындағы байланысты нығайту.
Спартакиада нәтижесі
Волейбол жарысының қорытындысы:
1 орын –«Жас Өркен» БПҰ;
2 орын –«Оқушылар сарайы» БПҰ;
3 орын – «ДАЗ» БПҰ УДОРК.
Шахмат жарысының қорытындысы:
1 орын – «Мәдениет» БПҰ;
2 орын –«Жастар» БПҰ;
3 орын – Қазақстан темір жолы.
Ерлер арасында үстел теннисінің қорытындысы:
1 орын – «Қалкан» БПҰ;
2 орын – Назарбаев Университеті;
3 орын – «Цеснабанк» АҚ.
Әйелдер арасындағы үстел теннисінің қорытындысы :
1 орын – Назарбаев Университеті;
2 орын – «Integra Construction»ЖШС;
3 орын – «Қалкан» БПҰ.
Футбол жарысының қорытындысы:
1 орын – «Қаржыгер» БПҰ;
2 орын – «Integra Construction»ЖШС;
3 орын – Ұлттық нейрохирургия орталығы.
Спартакиада ұйымдастырушылары Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ, «НұрОтан» Астана қаласы филиалы, «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ.
Конференция барысында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі арасындағы келісім бойынша марафонның 2017 жылдың 27 тамызында өтетіндігі жөнінде белгілі болды. Келісім аясында Марафон және «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес» (АӨСШК) форумын біріктіру жөнінде шешім қабылданды.
Басапасөз конференциясын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру Комитеті төрағасының орынбасары Жарасбаев Серік Маратұлы тілшілерге ілтипат білдіре отырып,іс-шараның дәрежесі жоғары екендігін атап өтті:
-Біз Сіздерге Халықаралық Астана ШЫҰ марафоны және «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске» (АӨСШК) арналған баспасөз конференциясына қош келдіңіздер дейміз. Іс-шара деңгейі өте жоғары екендігін айта кеткен дұрыс. Бірініші марафон Қытай елінде Куньмин қаласында өткізіліп, оған 15 мың адам қатысқан, екінші марафон Астана қаласында «ЭКСПО-2017» аясында өткізілмекші. Мұнда 5 000-ға жуық адам күтілуде. Тіркеу ашық. 15 шілдеден бастап сайт жұмыс істеуде,-деді Серік Жарасбаев.
Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика Федерациясының вице-президенті Табанов Эльдар Рашитұлы тілшілерге Халықаралық Астана ШЫҰ марафоны және АӨСШК өткізілу үшін жасалған жұмыстар жөнінде айтып өтті, марафонның бекітілген қашықтықтарын сөз қылып, Астана қаласының әкімі Исекешев Әсет Орынтайұлына бірлескен жұмыс үшін зор алғысын білдірді:
-Бұқаралық іс-шараны ұйымдастыру бойынша қыруар жұмыс жасалды. Ағымдағы жылдың маусым айында Жеңіл атлетика федерациясы марафон тасжолын сертификаттау жүргізген еді. Ұйымдастырушылар сөре және ақтық мәре аймақтарын анықтап,жоспарланған қашықтықты,су қабылдау ,медициналық қызмет көрсету және тамақтану нүктелерін белгіледі. 10 шілде күні Бейжің қаласында марафон тұсаукесері өтіп,марафон қатысушыларын тіркеуге арналған қытайлық сайт іске қосылды, 15 шілде күні сайттың қазақстандық нұсқасы өз жұмысын бастады. Біз тек біздің елде ғана емес ШЫҰ аймағының марафонға назар аударғанына ризамыз. Еуропа мен Африка елінен тіркелушілер де болды. 25 және 26 тамыз күндері марафонға онлайн тіркелушілерге бастапқы пакеттерді тарту етуге арналған іс-шара өткізу ойымызда бар,- деп хабарлады Эльдар Табанов.
Халықаралық Астана ШЫҰ марафоны және АӨСШК 5 мыңнан аса қатысушыны жинайды деп күтілуде, оның ішінде 1 мың адам шетелдік қонақтар және 30 кәсіпқой спортшылар ШЫҰ мемлекеттерінен келеді,- дейді баспасөз конференциясының ұйымдастырушылары.
30 шілде күні«ASTANA ASIAN CUP 2017» аясындағы ҚР Ашық чемпионаты болып өтіп, 200-ден астам кәсіпқойлар мен әуесқойлар қатысты. Қатысушылар жартылай темір қашықтықты (half-ironman) бағындырды:1,9 км жүзіп өтіп, 90 км велосипедпен, 21 км жартылай марафон жүгірді. Жарыс әртүрлі жас дәрежесіндегілерге арналды, ал триатлоншылар нәтижесі жеке командалық есеп бойынша реттелді. Қазақстан Триатлон Федерациясы «Қазақстанның темір адамдары» тізімін жасады, тізімді сілтеме арқылы көре аласыздар :http://triathlon.kz.
ҚР Ашық чемпионатына құрметті қонақтары ретінде ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев және Астана қаласының әкімі Әсет Искешев келді.Қазақстан Триатлон Федерациясының президенті Кәрім Мәсімов тілшілерге берген сұхбатында триатлон жарысы туралы және Қазақстандағы бұқаралық спорттың дамуы жайлы айтып өтті.
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Олимпиада Чемпионы «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровқа , Қазақстан Триталон Федерациясының вице-президенті ,BI-Group холдингінің басшысы Айдын Рахимбаевқа және алғаш рет триатлон қашықтығын бағындарған әйел Нағима Керимбаеваға жеңімпаз медальдарын тақты.
ASTANA ASIAN CUP 2017 ұйымдастырушылары:
- ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
- Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы
- Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ
- Қазақстан Триатлон федерациясы
- Ази Триатлон Конфедерациясы
- Халықаралық Триатлон Одағы
Жарысты қолдаушылар:
- Астана қаласының Жергілікті полиция қызметі
- ҚР ІІД ТЖК орталық Аэромобильді Оперативті-құтқару отряды
- «Қазақстан Спорттық медицина федерациясы» АҚ
Спорт шаралары туралы біздің сайттан оқи аласыздар: http://elordasport.kz/, #Астанаспортивная #Астана #АсетИсекешев #Казахстан#smileAstana #astana_akimat, инстаграмда http://piclone.com/u/elordasport/3277567554
29 шілде күні Астана саябығында қала үшін қайталанбас іс-шара өтті- кәсіпқой ерлер мен әйел триатлоншылар қатысқан спринтерлік арақашықтықтағы Азия Кубогы (ASTANA ASIAN CUP 2017). Алыс және шет елден келген триатлоншылар үш спорт түрінен қатысып:жүзу 750 м,велосипедпен 20 км және 5 км жүгіріп өтті. Мықты атлет атағына (PRO),Халықаралық Триатлон одағының үздік рейтингісіндегі кәсіпқойлар таласты. Әйелдер арасында алтынды венгриялық Жанет Брэгмайер 1:04:33 көрсеткішімен иемденді. Азия Кубогының күмісі венгер Доротее Петровқа бұйырды,көрсеткіші 1:07:20. Қола жүлдені украиналық Анна Абдулова 1:08:05 көрсеткішімен алды. Ерлер арасында бірінші орын австралиялық Марсель Валкингтон,екінші орын венгерлік - Герго Шоош және үшінші орынды Лазсло Тарнай жеңіп алды. Азия Кубогы (ASTANA ASIAN CUP 2017) туралы толық ақпаратты http://www.triathlon.org.kz/ru/result/rezultaty-asian-cup-sprint-2017-g-astana сілтемесі арқылы ала аласыздар.
ASTANA ASIAN CUP 2017 ұйымдастырушылары:
- ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
- Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы
- Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ
- Қазақстан Триатлон федерациясы
- Ази Триатлон Конфедерациясы
- Халықаралық Триатлон Одағы
Жарысты қолдаушылар:
- Астана қаласының Жергілікті полиция қызметі
- ҚР ІІД ТЖК орталық Аэромобильді Оперативті-құтқару отряды
- «Қазақстан Спорттық медицина федерациясы» АҚ
Спорт шаралары туралы біздің сайттан оқи аласыздар: http://elordasport.kz/, #Астанаспортивная #Астана #АсетИсекешев #Казахстан#smileAstana #astana_akimat, инстаграмда http://piclone.com/u/elordasport/3277567554
22 шілде күні көлік қызметкрелері күніне арналған спартакиада аясында Қ.Мұңайипасов атындағы стадионда шағын футболдан жарыс өтіп, 84 адам қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов сөз сөйлеп,барлық қатысушыларды кәсіби меркесімен құттықтап, сәттілік тіледі.
Турнирге 7 команда қатысты, жеребе тастау бойынша екі топ:А және В топтарына бөлінді, А тобы: «№7 Автобус паркі»ЖШС, «Еcіл – Астана»МКҚК, «№3 Автобус паркі Sk»ЖШС, «LRT құрылысы бойынша дирекция». В тобына 3 команда: «№2 Автобус паркі»ЖШС, «Жорға МТ»ЖШС және «№1 Автобус паркі»ЖШС енді.
Жартылай финалға шығу үшін ойындар үш алаңда біруақытта өткізілді. Жартылай финалға 4 команда өтті: «№2 Автобус паркі»ЖШС және «№3 Автобус паркі Sk»ЖШС ойнап 4:0 есебімен «№2 Автобус паркі»ЖШС жеңіске жетті. «Жорға МТ»ЖШС және «LRT құрылысы бойынша дирекция» ойыны 3.5 есебімен, «LRT құрылысы бойынша дирекция» пайдасына шешілді.
Сонымен, үшінші орынды «Жорға МТ»ЖШС, 4:8есебімен «№3 Автобус паркі Sk»ЖШС-ті жеңіп алды. Финалға шыққан «№2 Автобус паркі»ЖШС және «LRT құрылысы бойынша дирекция» ойыны 2:0 есебімен «№2 Автобус паркі»ЖШС пайдасына шешілді. Турнир күмісі «LRT құрылысы бойынша дирекциясына» бұйырды.
Жарыс қорытындысы
1 орын – «№2 Автобус паркі»ЖШС
2 орын – «LRT құрылысы бойынша дирекция» ЖШС
3 орын – «Жорға МТ»ЖШС
Жарыс аяқталған соң жеңімпаздар кубоктармен, үздік ойыншылар құрмет грамоталарымен марапатталды. Үздік қақпашы Аманжолов Бекзат(«№3 Автобус паркі Sk»ЖШС), үздік шабуылшы Токжанов Нурбол («LRT құрылысы бойынша дирекция»),үздік қорғаушы Эгиев Ахмет («№2 Автобус паркі»ЖШС)атанды.
Ұйымдастырушылары- Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ,«Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ
Спартакиада суреттерін : волейбол, үстел теннисі, футбол спартакиадаларын мына сілтеме арқылы көріп,жүктей аласыздар: https://cloud.mail.ru/public/8UqD/Ek1ZCeWrC
КІРІСПЕ
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.
Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық.
Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.
Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.
15 шілде күні Астана қаласының жолаушылар көлігі жұмысшыларының арасындағы спартакиада аясында волейбол мен үстел теннисінен жарыстар өткізілді. Волейбол алтынын «№2 Автобус паркі»ЖШС, күмісті «№1 Автобус паркі» АҚ, қоланы «№3 автобус паркі» ЖШС жеңіп алды. Волейбол жарысына 4 команда қатысты. Төртінші команда «Еcіл – Астана» МКҚК. Үстел теннисі жарысына 7 команда қатысты. Бірінші орында «№2 Автобус паркі»ЖШС, екінші орында «№1 Автобус паркі» АҚ, ал үшінші орынды «Жорға МТ» ЖШС иеленді.
Спартакиада жалғасуда. 22 шілде күні Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда сағат 9.00 шағын футболдан жарыс өтеді. Турнирге 8 команда қатысады. Жеңімпаздар медаль, дипломдармен марапатталып, үздік ойыншылар «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы» номинацияларына ие болады.
Спартакиада ұйымдастырушылары «Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ, «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ.
7 шілде 11.00 қалалық әкімдік алаңында еңбекті, денсаулықты,күш пен икемділікті насихаттайтын «Сабантой» атты татар-башқұрт мерекесіне арналған жаппай серуендеу шарасы өткізілді. Бұл күні қалалықтарды мәдени бағдарлама, ұлттық спорт түрлерінен жарыс,сонымен қатар сыйлықтар мен жүлделер болды. Татарстаннан шақырылған әртістер мен елордалық би ұжымдарының концерті қойылды. Спорт ойындарын Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ ұсынды: белбеу күресі,қол күресі, асық ату мен арқан тарту жарыстары өткізілді. «Сабантойды» тойлау аясында «Көрәш»белбеу күресінен Астана қаласының Чемпионаты ұйымдастырылды.
Осы аталған спорт түрлері халық арасында танымалдылыққа ие болады деген үмітіміз бар екендігін айта кетейік. Біздің команда мерекеге белсенді қатысуға шақырады!
Ұйымдастырушылары- «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы». Іс-шара Қазақстан Халықтары Ассамблеясы, Астана қаласы әкімдігі «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басақрмасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы»КММ, Ресей Федерациясы елшілігі,Татарстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы өкілеттілігі, «Камаз-Казақстан» сауда үйі»ЖШС, «Камаз» сауда компаниясы» ЖШС.
«Астана Кубогы» аясында 7 және 8 шілде күндері спорттың екі түрі:волейбол мен шағын футболдан жарыс өтіп, департамент пен басқарма қызметкерлерінен 130 қызметкер қатысып, 50 адам волейбол ойнаса, 80 адам футбол алаңына шықты.
7 шілде күні «Алау» мұз сарайында волейбол матчы өтіп, мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Үздік волейбол командасы болу үшін, Білім басқармасы, ТЖД,АКҚБ және Әкім аппараты сынға түсті. Кездесу Олимпиадалық жүйе бойынша өткізіліп, команда құрамы 6 адамнан тұрды: 4 ер адам және 2 әйел адам. Турнир нәтижесі бойынша алтынға ТЖД командасы,күміске Әкім аппараты, қола жүлдеге Білім басқармасы ие болды. Сонымен қатар номинациялар бойынша «Үздік байланыстырушы» Әсеткербаева Фариза, «Үздік шабуылдаушы» Курманбаев Олжас, «Үздік ойыншы» Тұрар Қуаныш, «Үздік либеро» Темирбаева Аяжан атанды.
8 щілде күні Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда мемлекеттік қызметкерлер арасында шағын футболдан турнир өтіп,8 команда қатысты: «Астанагенплан»Ғылыми-зерттеу және жобалау институты,ҰҚК,ТЖД,АКҚБ,ІІД,Астана қаласы құрылыс басқармасы,Астана қаласы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы және Әкім аппараты. Турнир төрт алаңда бір уақытта өтіп,А және В тобында ойнады. Дәстүрлі жеребе тастау бойынша А тобына ҰҚК, АКҚБ, Астанагенплан»Ғылыми-зерттеу және жобалау институты енді. В тобы ТЖД, ІІД, Астана қаласы құрылыс басқармасы және Әкім аппараты командаларынан құралды.
Жартылай финалға 4 команда: Астана қаласы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы, ІІД, АКҚБ, Әкім аппараты. Қола жүлде үшін ІІД және Астана қаласы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы ойнады. 3:2 есебімен ІІД командасы жеңіске жетті. Ақтық сында Әкім аппараты мен АКҚБ кездесіп,2:1 есебімен алтын жүлдеге Әкім аппараты ие болды.
Турнир нәтижесі
1 орын – Әкім аппараты
2 орын – АКҚБ
3 орын- ІІД
Жеңімпаздар кубоктармен, медаль және мақтау қағаздармыен марапатталды, ал үздік ойыншыларға «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылдаушы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы» номинацияларын иеленді. Турнирдің үздік қақпашысы Имагамбетов Бауржан(АКҚБ).Үздік ойыншы Енсеков Данияр(ІІД). «Үздік қорғаушы» ретінде Акишев Ильяс (Әкім аппараты) танылды. «Үздік шабуылшы» номинациясы Сагатов Алиге (Астана қаласы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы) бұйырды.
Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Әкім аппараты, екінші орынды АКҚБ командасы, үшінші орынды- ТЖД командасы иеленді.
«Астана Кубогының»ұйымдастырушылары- Астана қаласы Әкімдігі, «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ. Спорт шарасы Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ тікелей қатысуымен өтті.
«Астана Кубогы» аясында 8 щілде күні Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда мемлекеттік қызметкерлер арасында шағын футболдан турнир өтіп, 8 команда қатысты: «Астанагенплан» Ғылыми-зерттеу және жобалау институты, ҰҚК, ТЖД, АКҚБ, ІІД, Астана қаласы құрылыс басқармасы,Астана қаласы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы және Әкім аппараты. Турнир төрт алаңда бір уақытта өтіп,А және В тобында ойнады. Дәстүрлі жеребе тастау бойынша А тобына ҰҚК, АКҚБ, Астанагенплан»Ғылыми-зерттеу және жобалау институты енді. В тобы ТЖД, ІІД, Астана қаласы құрылыс басқармасы және Әкім аппараты командаларынан құралды.
Жартылай финалға 4 команда: Астана қаласы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы, ІІД, АКҚБ, Әкім аппараты. Қола жүлде үшін ІІД және Астана қаласы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы ойнады. 3:2 есебімен ІІД командасы жеңіске жетті. Ақтық сында Әкім аппараты мен АКҚБ кездесіп, 2:1 есебімен алтын жүлдеге Әкім аппараты ие болды.
Турнир нәтижесі
1 орын – Әкім аппараты
2 орын – АКҚБ
3 орын- ІІД
Жеңімпаздар кубоктармен, медаль және мақтау қағаздармыен марапатталды, ал үздік ойыншыларға «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылдаушы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы» номинацияларын иеленді. Турнирдің үздік қақпашысы Имагамбетов Бауржан(АКҚБ).Үздік ойыншы Енсеков Данияр(ІІД). «Үздік қорғаушы» ретінде Акишев Ильяс (Әкім аппараты) танылды. «Үздік шабуылшы» номинациясы Сагатов Алиге (Астана қаласы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы) бұйырды.
«Астана Кубогы» аясында 7 шілде күні «Алау» мұз сарайында волейбол матчы өтіп, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Үздік волейбол командасы болу үшін, Білім басқармасы, ТЖД,АКҚБ және Әкім аппараты сынға түсті. Кездесу Олимпиадалық жүйе бойынша өткізіліп, команда құрамы 6 адамнан тұрды: 4 ер адам және 2 әйел адам. Турнир нәтижесі бойынша алтынға ТЖД командасы,күміске Әкім аппараты, қола жүлдеге Білім басқармасы ие болды. Сонымен қатар номинациялар бойынша «Үздік байланыстырушы» Әсеткербаева Фариза, «Үздік шабуылдаушы» Курманбаев Олжас, «Үздік ойыншы» Турар Куаныш, «Үздік либеро» Темирбаева Аяжан атанды.