22 және 23 тамыз күндері Астанадағы Мәскеу Күндерін тойлау аясында Мәскеу және Астана қалаларының бокстан құрама командалары арасындағы жолдастық кездесу өтеді.
22 тамыз күні құрама командалар біріккен жаттығулар өткізеді.23 тамыз күні 12.00 Әкімдік алдындағы қалалық алаңда Астанадағы Мәскеу Күндерін тойлау аясында Мәскеу және Астана қалаларының бокстан құрама командалары арасындағы жолдастық кездесу жоспарлануда.Салтанатты рәсім,әртүрлі салмақ дәрежесіндегі жолдастық кездесулер және жеңімпаздарды марапаттау өткізіледі. Астана құрама командасына 16 атақты боксшы : 12 ер адам және 4 әйел адам кіреді. Рингке шығатын спортшыларымыз : спорт шебері ҚР бірнеше дүркін чемпионы Маржикпаев Аят, спорт шебері халықаралық және республикалық турнирлердің чемпионы және жүлдегері Оралбай Нұрбек, спорт шебері, ҚР чемпионы Оралбай Айбек және жоғары нәтиже көрсеткен басқа да спортшылар. Ерлер арасындағы кездесулер 10 салмақ жәрежесі бойынша өткізіледі: 49, 52, 54, 56, 57, 60, 64, 69, 75, 81 кг. Әйелдер 4 салмақ дәрежесінде рингке шығады. Алаңға еңбек сіңірген спорт шебері, 2016 және 2017 ж ҚР Чемпионы Хальзова Валентина 69 кг; спорт шебері Абдраимова Алия 64 кг; спорт шебері Султанқызы Сания 57 кг және спорт шеберіне кандидат Забынбекова Айдана 54 кг.
Ұйымдастырушылары Астана қаласы әкімдігі, «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ және Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.
12 тамыз күні қылмыстық жазасын өтеп жатқан сотталушылар арасындағы Спартакиада өтеді. Жарыстар шағын фтбол,волейбол, қол күресі, арқан тартыс және гір көтеру спортынан өтеді. Мұндай іс-шаралар жыл сайын Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ ұйымдастыруымен өткізіледі. Спартакиаданың басты мақсаты- Қазақстан
Республикасы Президентінің «Қазақстан-2020» бағдарламасын жүзеге асыру, яғни салауатты өмір салтын , дене шынықтыру және спортпен айналысуды дәріптеу. Бағдарлама жалпы республика халқына сонымен қатар жеке бас бостандығынан айырылған адамдарға да арналған.
Спартакиада ұйымдастырушылары - «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ және Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.
12 тамыз күні «Алау» мұз сарайында 09.00 және «Қазқстан» спорт арайында 13.00 Орталық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметкерлері арасындағы ҚР Президентік тесттің жаздық жарыстарының үшінші күні өтеді. Бұл күні қатысушылар 25 және 50 метр қашықтықты жүзіп өтіп, пневматикалық винтовкадан 5 рет атып мергендіктерін сынауы тиіс.
В Астане 30 июля с 8:00 до 16:30 будут перекрыты некоторые улицы! Управление административной полиции сообщает, что на период проведения турнира по триатлону будут частично перекрываться улицы. Перекрыты будут пр. Б. Момышулы от ул. Токпанова до ул. Кошкарбаева; ул. Сарайшик от пр. Б. Мамышулы до моста М-1; ул. Шалкыма от моста М-1 до ул. Г. Алиева. Движение общественного транспорта будет осуществляться в попутном направлении. Движение будет закрыто по дороге от ул. Керей, Жанибек хандары до Южной объездной. По Южной объездной трассе от пр. Кабанбай батыра до Карагандинской трассы одна полоса движения будет закрыта, по второй полосе организовано движение в оба направления.
Уважаемые жители и гости столицы! Просим Вас на время проведения триатлона заблаговременно выбирать маршрут вашего следования и заранее рассчитывать время пути!
30 июля в рамках проведения соревнований по триатлону «ASTANA ASIAN CUP 2017» состоится Открытый Чемпионат РК, в котором примут участие профессионалы и любители. Участникам предстоит пройти Полужелезную дистанцию (half-ironman). Атлеты проплывут 1,9 км, проедут 90 км на велосипеде и завершат гонку полумарафоном на 21 км. На этой же дистанции будет дан старт командной эстафеты. В соревнованиях примут участие как профессионалы, так и любители.
Программа открытого Чемпионата Республики Казахстан по триатлону
30 июля |
04:00–07:00 |
Техническая подготовка |
07:00–18:00 |
Соревнования (Любители) |
|
18:00–19:00 |
Церемония награждения |
Организаторами ASTANA ASIAN CUP 2017 являются:
- Министерство культуры и спорта Республики Казахстан
- Управление физической культуры и спорта г.Астана;
- «Дирекция по проведению спортивно-массовых мероприятий акимата города Астаны»
- Казахстанская Федерация Триатлона
- Азиатская Конфедерация Триатлона (ASTC)
- Международный Союз Триатлона (ITU)
Соревнования пройдут при поддержке:
- МПС г. Астана
- Центральный Региональный Аэромобильный Оперативно-Спасательный отряд КЧС МВД РК
- ОО «Казахстанская Федерация Спортивной медицины»
29 шілде күні Астана қаласында Триатлоннан спринтерлік арақашықтықтағы Азия Кубогы және Орталық Азия Чемпионаты (ASTANA ASIAN CUP 2017)
Қатысушылар спорттың үш түрі бойынша жарысады:
30 шілде күні ASTANA ASIAN CUP 2017» аясында триатлоннан ҚР Ашық Чемпионаты өтеді, оған кәсіпқой және әуесқой спортшылар қатысады. Қатысушылар жартылай темір(half-ironman) дистанцияны жүріп өтуі тиіс. Атлеттер 1,9 км жүзіп, 90 км велосипедте, ал 21 км жартылай марафонмен аяқтайды.
29 шілде күні Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда 10.00 орталық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметкерлері арасындағы ҚР Президентік тесттің жаздық жарыстарының ашылу салтанаты және алғашқы ойындары өтеді.
«Есірткісіз қала,спорттық жаз» науқаны аясында қаламыздың 9 саябағында әр апта сайын ашық аспан астында спорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылады.
22 және 23 шілде күндері барлық тілек білдірушілерді 18.00-20.00 уақыт аралығында «Арай», «Студенттік», «Астаналық», «Ататүрік», «Ғашықтар саябағы», «Президенттік», «Отан қорғаушылар саябағы», «Жерұйық» және Есіл өзені бойында орналасқан саябақтарға шақырамыз. Алдағы демалыс күндері арқан тартыс, дартс, гір тасын көтеру спорты,қол күресі,стритбол және қақпаға доп соғу ойындары өткізіледі деп жоспарлануда. Жеңімпаздар сыйлықтар мен жүлделерге ие болады!
Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ командасы барлықтарыңызды жаз мезгілін спортпен көңілді өткізулеріңізді тілейді.
9 саябақтағы спорттық іс-шаралар Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ ұйымдастыруы, «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ қолдауымен өткізіледі.
22 шілде күні Астана қаласының жолаушылар көлігі жұмысшыларының арасындағы спартакиада аясында шағын футболдан жарыс өтеді. Спартакиада 22 шілді күні Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда жалғасады, 9.00 үшінші спорт түрі – шағын футболдан жарсы өткізіледі. Турнирге 8 команда қатысады. Жеңімпаздар «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы» номинациялары бойынша марапатталады.
Спартакиада ұйымдастырушылары «Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ, «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ.
Көлік қызметкерлері Күніне орай Астана қаласының жолаушылар көлігі жұмысшыларының арасындағы спартакиада аясында волейбол, үстел теннисі мен шағын футболдан жарыстар өткізіледі.
15 шілде күні волейбол мен үстел теннисінен жарыс өтеді. 22 шілде күні шағын футболдан матч өткізіледі. Волейболдан жарыс № 60 мектеп-лицейінде өткізіледі. Басталуы 09.00.
22 шілде күні шағын футболдан жарыс өткізіліп, жеңімпаздар дипломдар, кубоктармен марапатталады, ұсынылатын номинациялар: «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы».
«Есірткісіз қала,спорттық жаз» науқаны аясында қаламыздың 9 саябағында әр апта сайын ашық аспан астында спорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылады. 8 және 9 шілде күндері барлық тілек білдірушілерді 18.00-20.00 уақыт аралығында «Арай», «Студенттік», «Астаналық», «Ататүрік», «Ғашықтар саябағы», «Президенттік», «Отан қорғаушылар саябағы», «Жерұйық» және Есіл өзені бойында орналасқан саябақтарға шақырамыз. Алдағы демалыс күндері арқан тартыс, дартс, гір тасын көтеру спорты,қол күресі,стритбол және қақпаға доп соғу ойындары өткізіледі деп жоспарлануда. Жеңімпаздар сыйлықтар мен жүлделерге ие болады!
7 шілде 11.00 қалалық әкімдік алаңында еңбекті, денсаулықты,күш пен иекмділікті насихаттайтын «Сабантой» атты татар-башқұрт меркесіне арналған жаппай серуендеу шарасы. Бұл күні қалалықтарды мәдени бағдарлама, ұлттық спорт түрлерінен жарыс,сонымен қатар сыйлықтар мен жүлделер болады. Татарстаннан шақырылған әртістер мен елордалық би ұжымдарының концерті қойылады. Спорт ойындарын Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ ұсынады, белбеу күресі,қол күресі, асық ату мен арқан тарту жарыстары өтеді. «Сабантойды» тойлау аясында «Көрәш»белбеу күресінен Астана қаласының Чемпионаты өткізіледі. Сіздер нағыз батырлардың жарысына куә бола аласыздар!Ұйымдастырушылар балаларға да арнап түрлі көңілді конкурстар мен жарыстар дайындауда. Белсенді қатысушыларды сыйлықтар мен жүлделер күтуде!
Ұлттық мереке ұлттық тағамдарсыз өтпейтіндіктен келушілерге тегін тағамдар ұсынылады!
Осы аталған спорт түрлері халық арасында танымалдылыққа ие болады деген үмітіміз бар екендігін айта кетейік. Біздің команда мерекеге белсенді қатысуға шақырады!
Ұйымдастырушылары- «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы». Іс-шара Қазақстан Халықтары Ассамблеясы, Астана қаласы әкімдігі «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басақрмасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы»КММ, Ресей Федерациясы елшілігі,Татарстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы өкілеттілігі, «Камаз-Казақстан» сауда үйі»ЖШС, «Камаз» сауда компаниясы» ЖШС.
«Астана Кубогы» аясында 7 және 8 шілде күндері мемлекеттік қызметкерлер арасында Қала күніне арналған шағын футбол мен волейболдан жарыстар өтеді.
Волейбол кездесуі 7 шілде күні «Алау» мұз сарайында өтеді. Жарыстың басталуы 9:00. Матч Олимпиадалық жүйе бойынша өткізіледі, әр командада 6 адам : 4 ер адам және 2 әйел адам.
Шағын футбол жарысы Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда 8 шілде күні өтеді. Жарыстың басталуы 9.00. Кездесу Олимпиадалық жүйе бойынша өтіп ,алаңға 4+1 құрамдағы командалар шығады. 1,2 және 3 орын алған жеңімпаздар дипломдармен, медальдармен және командалық кубоктармен марапатталады. Шағын футболдан берілетін номинациялар: «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы» «Үздік қорғаушы»,»Үздік қақпашы». Волейболдың үздік ойыншылары «Үздік шабуылдаушы», «Үздік допты ойынға қосушы», «Үздік тосқауылшы», «Үздік үлестіруші» номинацияларына ие болады.
1 шілде күні «Аула күні» атты қалалық акция аясында Алматы ауданының «Сарайшық» шағын ауданында балалар алаңының ашылуы болады. Осыған орай ересектер мен балаларға арналған мәдени және спорттық бағдарламалар ұйымдастырлыған. Ашық аспан астындағы концерттен бөлек Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ барлық келушліерге асық ату, қол күресі, гір тасын көтеру, арқан тарту және «Көңілді старт» ойындарын ұсынады.
Ұйымдастырушылар- Алматы ауданының әкімі,Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ,«Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ қолдауымен.