Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев ел намысын әлемдік ареналарда қорғап жүрген елордалық спортшылармен кездесті.
Самат Серікқанұлы кикбоксингтен және гір көтеру спортынан Әлем чемпиондары мен жүлдегерлерін арнайы марапаттап, қала әкімі Алтай Сейдірұлының алғыс хаттарын табыстады.
«Сіздердің жетістіктеріңіз әрдайым біздің назарымызда. Халықаралық аренада еліміздің көк байрағын көтеріп, ән ұранымызды асқақтатып жүрген әрқайсыңызды мақтан тұтамыз. Әр спортшының артында білікті бапкері тұрады. Осы орайда жаттықтырушылардың да еңбегін ерекше атап өткім келеді. Алдағы таңда да сіздерден жоғары жетістіктер күтеміз.
Біздің жұмыстың нәтижесі-ол сіздердің жарқын жеңістеріңіз. Сондықтан біз өз кезегімізде сіздерге қашан да қолдау көрсетуге дайынбыз»- деді басқарма басшысы.
Смотреть встроенную онлайн галерею в:
https://elordasport.kz/ru/infotsentr/novosti/02-11-2021.html#sigProId4fbbf6e515
https://elordasport.kz/ru/infotsentr/novosti/02-11-2021.html#sigProId4fbbf6e515