Құрметті Астана қаласының тұрғындары және қала қонақтары сіздерді 2018 жылғы 16 маусымда «Астаналық» орталық саябағында өтетін «Алға басу – движение вперед» мемлекеттік қызметкерлер арасындағы қайырымдылық жүгіріске шақырамыз!
Жарыстың басты мақсаты –Мемлекеттік қызмет жүйесінің 20 жылдығын мерекелеуіне және «Мемлекеттік қызметкерлер күні» мерекесіне орай барлық облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалаларында бір уақытта мәреге шығу; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту; мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және денешынықтыру мен спортқа баулу; бұқаралық спорт түрлерін насихаттау; «ДОМ» қайырымдылық қорына қолдау көрсету.
Жарысқа бес жас санатындағы 25-31 жас, 32-39 жас, 40-49 жас, 50-59 жас және 60-69 жас аралығындағы Республиканың барлық мемлекеттік қызметкерлері, олардың отбасы мүшелерімен өзге жеке тұлғалар қатыса алады. Сонымен қатар әр бір қатысушының біркелкі спорттық киімі болуы керек.
Жарысқа қатысуға ниет білдірушілер өздері жеке 2018 жылғы 10 маусымға дейін «ДОМ» қорының (Аружан Сайн ) банктік шотына (P/Счет KZT: №KZ479261802140494000) бастапқы жарна аударуы қажет. Жарыс өткізу барысында жиналған қаражат қоры сырқат балаларды емдеуге жолданады.
Астана қаласы бойынша қайырымдылық жүгіріс екі спорт түрінен өтеді. Олар жеңіл атлетикалық жүгіріс, қашықтық ерлер -2,5 км, әйелдер – 1,5 км болса, асық ату спорт түрі ойын ережесі бойынша өтеді. Жарыстың өтетін жері Астана қаласы «Сарыарқа» ауданыныда орналасқан «Астаналық» орталық мәдениет және демалыс саябағы. Жарысқа қатысушыларды тіркеу уақыты сағат 09:00- 10:00 –ге дейін (Астана уақыты бойынша). Жарыстың басталуы сағат 10:00-де
Алдынала өтінімдер 2018 жылғы 11 маусым сағат 17.00 – ге дейін Астана, Алматы қалалары мен облыстардағы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаменттеріне ұсынылуы тиіс.
Жүлделі орын алған жеңімпаз қатысушы Қазақстан Республикасының Мемлекттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан сәйкес дәреже бойынша арнайы дипломдармен, медальдармен марапатталады. Сондай-ақ барлық жарысқа қатысушыларға арнайы сертификаттар беріледі.
Шараны ұйымдастырушылар - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Қазақстан Республикасының Мемлекттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ