1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елордада дәстүрлі Kids Run балалар жарысы өтеді. Жүгіру жарысы 1 маусым күні сағат 09:00-де Астана қаласының Орталық саябағындағы шаңғыроллер тас жолында басталады.
Жарысқа 6-15 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар қатыса алады. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай 300, 500 және 1000 метр қашықтықтарда сынға түседі.
Қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиеваның айтуынша, жарысқа қатысушылар саны шектеулі — барлығы 500 бала ғана қабылданады.
“Балалардың денсаулығын нығайту, оларды спортқа баулу және салауатты өмір салтын насихаттау – біздің басты мақсатымыздың бірі. Kids Run жарысы жыл сайын бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары арасында үлкен қызығушылық тудырып келеді. Қатысушылар саны 500 балаға дейін шектелген. Осыған байланысты ата-аналар мен қатысушыларды алдын ала онлайн тіркеуден уақытылы өтуге шақырамыз. Жүгіру жарысына қатысу тегін”, – деді қалалық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.
Kids Run жүгіру жарысына онлайн тіркелу 29-31 мамыр аралығында жүргізіледі. Балаларды тіркеу келесі сілтеме арқылы жүзеге асырылады: reg.elordasport.kz.
Сондай-ақ ұйымдастырушылардың айтуынша, барлық қатысушыларға фиништік медаль табысталады.
Айта кетейік, Балаларды қорғау күніне арналған Kids Run жарысы Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтеді.
Смотреть встроенную онлайн галерею в:
https://elordasport.kz/ru/infotsentr/novosti/1-iyunya.html#sigProId850a264823
https://elordasport.kz/ru/infotsentr/novosti/1-iyunya.html#sigProId850a264823
