Кикбоксингтен екі дүркін әлем чемпионы Ерлан Шағбан елге оралды!
Ел намысын қорғаған екі дүркін Әлем Чемпионың Нұр-Сұлтан Назарбаев әуежайында жанкүйерлері мен тума-туысқандары күтіп алды.
Айта кетсек, Италия елінде кикбоксингтен ересектер арасында әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Оған 65 елден 1700 спортшы қатысты.
54 келі салмақ дәрежесінде отандасымыз Ерлан Шағбан барлық қарсыластарынан басым түсіп, 2019 жылғы әлем чемпионы атағын қорғап қалды.