Бүгін елордада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Нұр-Сұлтан – Орал» супермарафоны басталды.
Супермарафонның жалпы қашықтығы 2021 шақырымды құрайды.
Супермарафонның ұзақтығы - 8 күн.
Бағыт Нұр-Сұлтан - Көкшетау - Петропавл - Қостанай - Ақтөбе - Орал қалалары арқылы өтеді.
Қатысушылар құрамы – 15 тәжірибелі ультрамарафоншы.
Марафонның ресми ашылуына ҚР Парламенті Мәжілісінің 6-шы шақырылымының депутаты, Қорғаныс министрінің кеңесшісі генерал-лейтенант Абай Бөлекпаұлы Тасболатов, Ұлттық Олимпиада комитеті Атлеттер комиссиясының өкілі, Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері – Серік Жұманғалиұлы Сәпиев.
СТАРТ аясында Ультрамарафон- қатысушыларына Тәуелсіздік символының эстафетасын тапсыру рәсімі өтті. Қоғам қайраткері, 6 шақырылымның депутаты Өмірзақов Тұрсынбек Қазенұлы «Астана желаяғы» марафон клубының және Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Файзулиұлы Ерғалиевке Тәуелсіздік символын табыстады.
Бірінші болып мемлекеттік туымызды Көкшетау қаласы 2021 жылдың 27 қарашасында алады.
Жобаның маңызы ерекше – бүкіл маршрут бойымен Тәуелсіздік символын өткізетін спортшылар ел тәуелсіздігінің тарихы мен қалыптасуына байланысты тарихи маңызы бар жерлерде (ескерткіштер, алаңдар, тарихи-өлкетану мұражайлары) жергілікті тұрғындармен кездеседі. .
Супермарафонды ұйымдастырушылар – «ROYUL» Қазақстан құрылысшылар одағымен бірлесіп «Астана Желаяқы» марафоншылар клубы» ЖШС.
Супермарафон «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр.
Смотреть встроенную онлайн галерею в:
https://elordasport.kz/ru/infotsentr/novosti/27-11-2024.html#sigProId726e43fa7c
https://elordasport.kz/ru/infotsentr/novosti/27-11-2024.html#sigProId726e43fa7c