+7 (7172) 26-63-47

IMG 0004Жадыраған жаздың алғашқы күні, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күн – балалардың әрдайым қамқорлықта, ал, үлкендердің олар үшін жауапкершілікте болуын еске салатын күн. Осыған орай, Халықаралық балаларды қорғау күніне «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының қайырымдылық акциясы өтті.   

Акция аясында аналарымыз балаларымен бірге 1 шақырым жерді қол арбаларымен серуендеп жүріп өтті. Сонымен қатар қатысушы аналарымыз «АНА ҮЙІ»-де тұрып жатқан балалрдың киімдерін іліп, әрбір балаға және оның анасына бақыт пен денсаулық тіледі.  Аталмыш мерекеге 20 ғ-дың 90-жылдары “Гиннестің рекордтар кітабына” жеті рет тіркелген, алыс қашықтыққа жүгіретін спортшы, жүгіруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1993) Марат Төлегенұлы Жыланбаев қатысты. Сөз барысында Марат Төлегенұлы кішкентай балақайларға мықты денсаулық тіледі.

Айта кетейік биыл «АНА ҮЙІ»-не 5 жыл толды.  Осы 5 жыл уақыт ішінде 3320 ана мен бала тіркелген.   

Осылайша, Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.

#балаларкуникуттыболсын#astana_akimat#спорт#астана#казахстан#elorda#АнаҮйіне5жыл #ДомуМамы5лет#dommamy #АНАҮЙІ#ironkidsastana #ДеньЗащитыДетей

{gallery}news/2018/06/03{/gallery}