+7 (7172) 26-63-47

Игі дәстүрге айналған бұл көше баскетболы додасы биыл бұрынғыдан да ауқымды өтті. Турнирге қызығушылық ерекше жоғары болып, барлығы 112 команда тіркелді.

Нәтижесінде 500-ге жуық жас спортшы өз шеберліктерін көрсетіп, жеңіс жолында бар күш-жігерін салды. Екі күнге созылған тартысты жарыс астана жастары үшін спорт пен бірліктің нағыз орталығына айналды. Қатысушылар жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсетіп, жылдамдық, дәлдік, тактика және командалық өзара түсіністіктің үлгісін танытты. Әсіресе финалдық кезеңдегі ойындар ерекше қызықты өтіп, көрермендер нағыз спорттық шоудың куәсі болды. Жарыс алаңында тек мықты ойын ғана емес, достық атмосфера, бір-бірін қолдау және жастардың белсенді өмір салтын таңдайтыны анық байқалды. Турнир барысында әр команда өз мүмкіндігін барынша көрсетіп, көшбасшылыққа таласқан сәттер жанкүйерлерге ұмытылмас эмоциялар сыйлады. Astana Street Cup — жастардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, көше баскетболы мәдениетін дамытуға үлес қосатын маңызды алаң. Бұл доданың жыл сайын кеңейіп, қатысушылар санының артуы — Астана қаласындағы спорттық өмірдің серпінді дамуының айқын дәлелі. Турнирдің сәтті өтуіне атсалысқан барлық қатысушыларға, төрешілерге, ұйымдастырушыларға және жанкүйерлерге үлкен алғыс! Астана жастары алдағы уақытта да осындай ауқымды спорттық іс-шаралар мен жарыстарда жоғары белсенділік танытатынына сенім мол.