+7 (7172) 26-63-47

2024 жылдың 16 маусымында Astana Half Marathon үшінші рет өткізіледі. Биыл әлемнің 20-дан астам елінен 6 000 қатысушы сөреге шығатын болады. Astana Half Marathon ұйымдастырушылары елорда тұрғындары мен қонақтарын 16 маусым күні жолдарда көлік қозғалысы ішінара жабылатыны жайлы хабардар етеді.



Қозғалыс кезең-кезеңімен ашылатынын және таңғы 10-ға дейін толық қалпына келеді.

Жарыс бағыты EXPO-дан басталып, қаланың көрікті жерлері арқылы Астананың жүрегі – «Бәйтерек» монументі, «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы, «Тәуелсіздік» сарайы, Ботаникалық бақ, «Бейбітшілік және келісім» сарайы, Әбу-Даби Плаза және Ұлттық музей арқылы өтеді.

Түркістан көшесі 28/4 көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі қозғалыс 16 маусым күні сағат 06:30-дан 07:30-ға дейін, Сығанақ көшесі Түркістан көшесінен Ж.Нәжімеденов көшесіне дейінгі қозғалыс 07:10-нан 08:35-ке дейін, Ж.Нәжімеденов көшесі Ш.Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі қозғалыс 07:10-нан 08:35-ке дейін жабық болады. Тәуелсіздік даңғылы бойынша Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі қозғалыс 07:20-дан 08:00-ге дейін, Түркістан көшесі Сығанақ көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі жолда қозғалыс 06:35-тен 08:45-ке дейін, Қонаев көшесі Түркістан көшесінен Тұран даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 07:30-дан 09:00-ге дейін, Қонаев көшесі «Хан Шатыр» СО аумағының айналасы 07:35-тен 09:05-ке дейін, Достық көшесі Тұран көшесінен Ақмешіт көшесіне дейінгі қозғалыс 07:45-тен 09:15-ке дейін жабылады.

«EXPO» ХКО айналасында Достық көшесінен Түркістан көшесіне дейін Ақмешіт көшесі бойынша қозғалыс 07:05-тен 10:00-ге дейін жабылатын болады.

Деректер жарысқа қатысушылардың жүгіріп өту уақытын ескере отырып енгізілді.

«EXPO» ХКО-ға автокөлікпен жету үшін ұсынылатын бағыт:

1) Тұрар Рысқұлов көшесімен;
2) Мәңгілік Ел көшесі арқылы Қонаев көшесінен Әбіш Кекілбаев көшесіне дейін;
3) Қабанбай батыр даңғылымен «MEGA Silk Way» СО.