+7 (7172) 26-63-47

Бүгін, «Байқоңыр» ауданындағы Ататүрк саябағында әкелер күніне орай мерекелік іс-шара өтті.



Шараның мақсаты - жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық ойындарды насихаттау, әкелерді мектеппен тығыз байланыста болуға шақыру, оқушылардың әкеге деген бала махаббатын ояту, ата-ана қадірін түсіне білуге баулу болып табылады.

Шара барысында әкелер мен балалар арасында «Арқан тарту», «Бес тас», «Асық ату», «Тоғызқұмалақ», «Ләңгі тебу» секілді ұлттық ойындардан сайыстар өткізілді.

Барлық қатысушыларға Алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Әкелер күні құтты болсын!