+7 (7172) 26-63-47

Бүгін Астана төрінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасы чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Оған КСРО және Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, UWW біріккен күрес әлемінің бюро мүшесі, Азия күрес федерациясы және ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Болатұлы Тұрлыханов қатысып спортшыларға сәттілік тіледі.

Аталған ел біріншілігіне еліміздің 20 өңірінен 600 ден астам күрес шеберлері қатысуда.

Жарыстың алғашқы күнінде грек-рим шеберлері 55, 63, 72, 82 және Олимпиада бағдарламасына кіретін 97 келі салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салды.

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:

55 келі

Нұрзат Қабдырахимов (Жетісу обл.)

Айбек Айтбеков (Астана қ.)

Ербол Камалиев (Алматы обл.)

Қасым Аден (Түркістан обл.)

63 келі

Ержет Жарлықасын (Жамбыл обл.)

Диас Әскербай (ШҚО)

Айбек Есмуратов (Қостанай обл.)

Мұхамедәли Мамырбек (Шымкент қ.)

72 келі

Николай Хапко (СҚО)

Ерасыл Нұрбосынов (Алматы обл.)

Әділхан Сатаев (Шымкент қ.)

Елдос Камелов (ШҚО)

82 келі

Евгений Поливадов (Атырау обл.)

Альмир Төлебаев (Жетісу облысы)

Талас Әшірханов (Жамбыл обл.)

Мирас Баршылықов (Қостанай обл.)

97 келі

Олжас Сырлыбай (Қызылорда обл.)

Иусуф Мациев (Қостанай обл.)

Ислам Умаев (Алматы қ.)

Ерулан Искаков (Қарағанды обл.)

Енді ертең грек-рим күресінен 60, 67, 77, 87, 125 келідегі жеңімпаздар белгілі болады.