+7 (7172) 26-63-47

Елорданың Байқоңыр ауданында Аналар күніне орай салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты отбасылық эстафета өткізілді.

Эстафетаға салауатты өмір салты мен отбасылық құндылықтарды насихаттайтын 10 отбасылық команда қатысты.

Эстафета қорытындысы бойынша:

бірінші орынды -Минатовтар отбасы
екінші орынды- Оспановтар отбасы
үшінші орынды - Қуанышбековтар отбасы еншіледі

Жеңімпаздар аудан әкімінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.