Нұр-Сұлтан қаласындағы Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында еркін күрестен Республикалық турнир өтті.
Жарысқа еліміздің барлық аймағынан 600-ге жуық спортшы қатысты. Екі күн бойы 6 мен 13 жас аралығындағы жас балуандар боз кілемде белдесті. Жарыс ұлдар арасында 25 салмақ дәрежесі бойынша өтті.
Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев, Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе –жек сарайының директоры Жандос Үшкемпіров, Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Гюзель Манюрова, еркін күрестен ұлттық құраманың бас бапкері Әсет Серікбаев, еркін күрестен Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері Нұрлан Бекжанов қатысып, болашақ чемпиондарға сәттілік тіледі.
Аталмыш жарыс биыл бірінші рет ұйымдастырылды.
Жалпы командалық есепте 8 алтын жүлдемен Ақмола облысының жасөспірімдері бірінші орынды жеңіп алды.
Екінші орын Алматы облысы. Жетісулықтар еншісінде 7 алтын.
Үздік үштікті 3 алтын жүлдемен Жамбыл облысы қорытындылады.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер кубок, медаль және алғыс хаттарымен марапатталды.
Республикалық турнир Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен “Qairat Top team” клубының ұйымдастыруымен өтті.
Смотреть встроенную онлайн галерею в:
https://elordasport.kz/ru/infotsentr/novosti/erkin-k-resten-zhas-spirimder-arasynda-respublikaly-turnir-tti.html#sigProId8869b9d269
https://elordasport.kz/ru/infotsentr/novosti/erkin-k-resten-zhas-spirimder-arasynda-respublikaly-turnir-tti.html#sigProId8869b9d269