Кеше, 27 наурызда Нұр-Сұлтан қаласындағы Еуразия Ұлттық Университетінің спорт кешенінде жыл сайынғы Универсиада жарысы аясында қыздар арасында волейболдан жарыс өтті.
Аталмыш Универсиада жарысы Елорда аясында жыл сайын өткізіліп жатыр. Сонымен қатар универсиада жарысы биыл ерлер арасында өткен волейбол ойнымен ашылды. Екі күнге созылған жарысқа Нұр - Сұлтан қаласындағы 10 жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, кубоктармен және сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар командалық спорт түрінде қыздарымыз үш номинациясы бойынша «Үздік ойыншы» - Рауянова Балжан, «Үздік үйлестіруші» - Хамедова Мадина жəне «Үздік шабуылшы» Корабаева Аида арнайы дипломдармен жəне құнды сыйлықтармен марапатталды.
Жарыс соңында "В" тобында ойнаған Қазақ экономика қаржы және халықаралық сауда университетінің командасы жеңіске жетіп, келесі жылы "А" тобына жолдамаға ие болды. Ұйымдастырушылардың атынан арнайы сертификатпен марапатталды.
Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту; Республикалық және қалааралық жарыстарға қатысу үшін талантты жас спортшыларды қаланың құрама командасына іріктеу; бұқаралық спортты насихаттау; қала студенттері арасында патриоттық тәрбиені күшейту; салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу; жастарды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға тарту; Қазақстан Республикасы Президентінің «2019 жыл - Жастар жылы» бағдарламасын жүзеге асыру.
Ұйымдастырушылар: «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ;
Жарыс қорытындысы:
1 орын - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
2 орын - С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университеті
3 орын - Астана Медицина Университеті
@madeniet_sport.astana
@bolatmazhagulov
@meduniverastana1
https://elordasport.kz/ru/infotsentr/novosti/n-r-s-ltanda-universiada-zharysy-ayasynda-yzdar-arasynda-volejboldan-zharys-tti.html#sigProId5392d8697b