+7 (7172) 26-63-47

«World Ice Skating Day» – Дүниежүзілік коньки тебу күніне арналған конькимен жүгіруден Астана қаласының ашық чемпионаты өтті. 4–5 желтоқсан күндері «Алау» мұз айдынында конькимен жүгіруден Астана қаласының ашық чемпионаты ұйымдастырылды.

Екі күнге созылған жарысқа Қарағанды, Қостанай, Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласынан келген 120-дан астам спортшы қатысты. Спортшылар түрлі қашықтықтар бойынша бақ сынап, мұз үстінде өздерінің жылдамдығын, шеберлігін және дайындық деңгейін көрсетті. Әрбір жарыс тартысты өтіп, қатысушылар көрермендерге керемет эмоциялар сыйлады. Көпсайыс нәтижесінде мықты спортшылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер өз марапаттарына ие болды. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен жанкүйерлер үшін шынайы мереке атмосферасын қалыптастырды. Мұз, жылдамдық және ұмытылмас әсерлер – биылғы чемпионатты ерекше етті!

Смотреть встроенную онлайн галерею в:
https://elordasport.kz/ru/infotsentr/novosti/world-ice-skating-day.html#sigProId0b5acce9fe