+7 (7172) 26-63-47

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай және «Заң және тәртіп» акциясы аясында ұйымдастырылған тоғызқұмалақ турнирі өз мәресіне жетті.

Ұлттық спортты дәріптеуге бағытталған бұл маңызды жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың шеберлігі мен зияткерлік дайындығын айқын көрсетті. Турнир барысында әрбір ойын тартысқа толы болып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Жарысқа барлығы 218 қатысушы тіркеліп, жас ерекшеліктері бойынша өзара мықтыны анықтады. Жас санаттары: • 9 жасқа дейін • 13 жасқа дейін • 39 жасқа дейін • Ардагерлер Екі күнге созылған турнир барысында қатысушылар ұлттық зияткерлік ойында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, логикалық ойлау қабілеті мен тәжірибесін дәлелдеді. Аталған жарыс тоғызқұмалақты кеңінен насихаттауға, жас ұрпақтың ой-өрісін дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға зор үлес қосты. Бүгін турнирдің қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер салтанатты түрде марапатталды.

Смотреть встроенную онлайн галерею в:
https://elordasport.kz/ru/infotsentr/novosti/za-zh-ne-t-rtip.html#sigProId95631e6e58