Бокстан Астана қаласында өтіп жатқан VI жазғы Спартакиадада жартылай финалдық айқастар өз мәресіне жетті.
18 қараша күні 13 салмақ бойынша 26 жекпе-жек өтіп, 26 финалист белгілі болды.
"Қолжетімді спорт" жобасы қатысушыларды ?️26 қарашада сағат 12:00-де елордалық "Астана" орталық саябағында шаңғыроллер тасжолында өтетін кездесуге шақырады.
Кездесу аясында біз "Еуразия" скандинавиялық серуендеу мектебімен бірге скандинавиялық жүріс фестивалін өткіземіз.
Бүгін елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионатының ашылу салтанаты өтті.
Іс-шара барысында осыған дейін шахматтан әлем чемпионы болған 16 гроссмейстер туралы бейнеролик көрсетілді.
Салтанатты шараға ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович, ҚР мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов және әлемге танымал гроссмейстерлер қатысты.